Алланың көркем есімдері

Әр-Рақиб

Қадағалаушы

الرَّقِیبُ

Әр-Рақиб (Қадағалаушы) — Өз құлдарын көріп, олардың істерін қадағалайтын, олардың сөздері мен әрекеттерін сақтап, есептейтін, құлдарынан мойынсұнуды талап етіп, оларды бағынбаудан сақтандыратын Тұлға. Әл-Хаттаби жазады: «Бұл — ештеңені назардан тыс қалдырмайтын Сақтаушы».

Құранда аталуы: 3 рет.

Дәлел: Саған бұдан кейін әйелдер халал емес, сұлулықтары қызықтырса да. Жұбайларыңнан ауыстыруыңа; (бұлардан бірін ажыратып, орнына басқа әйел алуыңа) болмайды. Бірақ қол астындағы күңдер бір сәрі. Алла барлық нәрсені бақылаушы. (Сүре 33 «Әхзаб», Аят 52)