Ас-Сәмиъ (Бәрін Естуші) — көктер мен жердегі кез келген дыбысты еститін, барлық жаратылыстарының дауыстарын ажыратып, олардың кез келген тілде айтқанын түсінетін, дұғаларына құлақ асып, оларға жауап беретін Тұлға. Ол дауыстап, сыбырлап немесе іштей айтылғанды да, мұхит түбінде шуылдағанды да, жұлдыздардың ішінде қайнағанды да, адамдардың жанында қозғалғанды да бірдей естиді.
Құранда аталуы: 45 рет.
Дәлел: Көктер мен жердің жаратушысы сендер үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жүптер жаратушы. Өстіп сендерді өсірді. Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Алла, әр нәрсені естуші, толық көруші. (Сүре 42 «Шура», Аят 11)