Әл-Басир (Бәрін Көруші) — жасырын мен ашықты, үлкен мен кішіні, қозғалатын мен қозғалмайтынды көретін, көктер мен жердегі бүкіл болмыс пен болып жатқанның бәрін Өз назарымен қамтитын, жаратылыстардың өткенін, қазіргісін және болашағын көретін Тұлға. Алланың көруі жаратылыстардың көруіне ұқсамайды, ол кемел әрі абсолютті, Оның назарынан жасырын немесе Оған қолжетімсіз ештеңе жоқ. Түс те, өлшем де, қашықтық та, жарық та Оның назары үшін ешқандай мәнге ие емес. Ол барлық тірі және өлі нәрсенің пішіні мен болмысын көреді, жаратылыстардың ішінде болып жатқанның бәрі Ол үшін олармен болып жатқан нәрсе сияқты айқын.
Құранда аталуы: 42 рет.
Дәлел: Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүліншілік шығарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. (43-С. 32-А.) Өйткені Ол, құлдарынан толық хабар алушы, көруші. (Сүре 42 «Шура», Аят 27)