Әл-Қауи (Аса Күшті) — қуатты күшке ие, басым түсу мүмкін емес және Өзінен қашып құтылу мүмкін емес Тұлға. Әлсіздік, дәрменсіздік, шаршау, салғырттық, ұйқышылдық сияқты сипаттар Оған мүлдем жат. Ол біреулерге күш береді, ал басқаларды әлсіз етеді. Ол қалағанын істейді, Оған ешкім кедергі бола алмайды, Ол шешкен нәрсені өзінен ешкім тойтара алмайды. Оның күші абсолютті, ол ешнәрсемен шектелмеген. Ол ешқашан азаймайды және Оның барлық сипаттарының әрекетінде көрінеді.
Құранда аталуы: 9 рет.
Дәлел: Алла (Т.) құлдарын өте аяушы. Кімді қаласа, несібе береді. Ол өте күшті, тым үстем. (Сүре 42 «Шура», Аят 19)