Алланың көркем есімдері

Әл-Мәтин

Берік, Мызғымас

المَتِینُ

Әл-Мәтин (Берік, Мызғымас) — қуатты күшке ие, Өз еркін орындау үшін көмекшілер мен құралдарға мұқтаж емес; ойлағанын жүзеге асыруына ешкім де, ешнәрсе де кедергі болмайтын және ешқашан шаршамайтын Тұлға. Ол сыртқы күштерге мүлдем тәуелді емес, бірақ бүкіл болмыс Оған тәуелді және Оның еркіне бағынады. Ол қалағанын жаратады, қалағанын әмір етеді және қалағанын жояды.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие. (Сүре 51 «Зарийат», Аят 58)