Әл-Хаким (Дана) — істері, әмірлері мен тыйымдары кемел даналыққа толы, шешім қабылдап, ешкім жоя алмайтын әділ заңдар белгілейтін, ең жақсы түрде ойластырып, жаратып, басқаратын Тұлға. Ибн әл-Қаййим жазады: «Әл-Хаким — өз болмысында игілік болып табылатын нәрсені әмір етіп, өз болмысында жамандық болып табылатын нәрседен тыятын Тұлға; Ол айтқан нәрсе — шындық, Ол істеген нәрсе — дұрыс, Ол қалаған нәрсе — басқасынан жақсы. Мұндай кемелдік Алладан басқа ешкімге тән емес».
Құранда аталуы: 91 рет.
Дәлел: Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші аяты бойынша, Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл адам баласына, Алла тарапынан Елші екендігі даусыз. Арап тілінде түскен Құранның әр тілдегі аудармасы уәкілдік етеді. Б.М.Р.Х.) (Сүре 14 «Ибраһим», Аят 4)