Алланың көркем есімдері

Әл-Фаттах

Ашушы, Төрелік Етуші

الفَتَّاحُ

Әл-Фаттах (Ашушы, Төрелік Етуші) — әділ төрелік етіп, дұрыс шешім шығаратын, жаратылыстардың жағдайын жеңілдетіп, оларды мұңнан құтқаратын, жаратылыстардың алдында Өзінің рақымына немесе жазасына есік ашатын Тұлға. Ол көктер мен жердегі барлық қазыналардың кілттеріне ие. Ол адамдарды сынап, сол арқылы Өз жоспарын жүзеге асыру үшін олардың алдында табысқа, байлыққа, білімге, жаңалықтарға және басқа жетістіктерге есік ашады.

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Оларға: «Раббымыз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол, қара қылды қақ жарған, аса білгіш» де. (Сүре 34 «Сәбә», Аят 26)