Алланың көркем есімдері

Әр-Рауф

Мейірбан, Жанашыр

الرَّؤُوفُ

Әр-Рауф (Мейірбан, Жанашыр) — Өз құлдарына ең жоғары мейірім көрсететін, оларды аяп, қорғайтын, оларға игілік тілеп, оларға зиян келтіруі мүмкін нәрседен сақтандыратын Тұлға. Әл-Халими жазады: «Бұл — Өз құлдарына кешірімділік танытатын және оларға шамасы келмейтін нәрсені жуық маңда да жүктемейтін Тұлға. Олар мықты әрі күшті болғанда, олардан көбірек талап етеді, ал олар әлсіреп, күштен айырылғанда, міндеттерін жеңілдетеді. Ол тұрақты мекенде тұратын адамнан жолаушыдан гөрі көбірек, ал сау адамнан науқастан гөрі көбірек талап етеді, мұның бәрі — жанашырлық пен мейірім».

Құранда аталуы: 10 рет.

Дәлел: Осылайша сендерді (артық, кемсіз)орташа бір үммет қылдық. Адамдарға куә болуларың сондай-ақ пайғамбардың сендерге куә болуы үшін. Қарап тұрған қыблаңды, теріс бағынатын біреулерден пайғамбарға ілесетін кісілерді білуге істеген едік. Әрине бұл, Алла, тура жолға салғандардан басқаға қиынырақ. Алла имандарыңды жоймайды. Күдіксіз Алла, адам баласына өте жұмсақ ерекше мейірімді. (Сүре 2 «Бақара», Аят 143)