Әл-Қариб (Жақын) — Өз құлдарына жақын әрі оларды білімімен және құдіретімен қамтитын, олардың сөздері мен ойларын естіп, білетін Тұлға; олардың дауыстап, сыбырлап немесе іштей айтқандарының арасында Ол үшін ешқандай айырмашылық жоқ.
Құранда аталуы: 3 рет.
Дәлел: (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (Сүре 2 «Бақара», Аят 186)