Әл-Мужиб (Жауап Беруші) — құлдары Өзіне жалбарынғанда олардың тілектеріне жауап беретін, олар Өзіне құлшылық еткенде дұғалары мен құрбандықтарын қабыл ететін, олардың қалауларын қанағаттандырып, ұмтылған нәрсесіне жетуін жеңілдететін Тұлға.
Құранда аталуы: 2 рет.
Дәлел: Сәмүд еліне туыстары Саліһ (Ғ.С.) ті жібердік: «Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа ешбір тәңірлерің жоқ. Ол, сендерді жерден таратып әрі онда өмір сүргізді. Енді Одан жарылқау тілеңдер. Және Оған тәубе қылыңдар. Күдіксіз Раббым жақын тілеуді қабылдаушы» деді. (Сүре 11 «Һүд», Аят 61)