Алланың көркем есімдері

Ат-Тәууәб

Тәубені Қабыл Етуші

التَّوَّابُ

Ат-Тәууәб (Тәубені Қабыл Етуші) — күнә жасаған құлдарын қайта-қайта тәубеге келтіріп, содан кейін оларды кешіретін, құлдарын жоқшылықпен сынағаннан кейін оларға қайта-қайта игіліктер беретін Тұлға. Әр-Рази жазады: «Ол оларды демеусіз қалдырғаннан кейін көмектеседі, оларды айырғаннан кейін сыйлық береді, бір нәрседе шектегеннен кейін жеңілдетеді, қорқытқаннан кейін кешіреді, оларды түрлі бәлелерден құтқарып, түрлі рақымдар жібереді. Ол мұңды қуанышқа ауыстырады, күнәһарлардың тәубесін қабыл етеді және қайғырғандарды қиыншылықтан құтқарады».

Құранда аталуы: 11 рет.

Дәлел: Әй мүміндер! Күмәнның көбінен сақтаныңдар. Өйткені, күмәнның кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді. (Сүре 49 «Хуҗурат», Аят 12)