Әл-Уасиъ (Кеңдігі Шексіз) — бәрін қамтитын сипаттарға ие, бүкіл әлемді біліммен, күшпен, рақыммен, жомарттықпен қамтитын, Өз құлдарына мол сыйлық беретін және оларға ауыр міндеттер жүктемейтін Тұлға. Ол күндіз-түні шаршамай әмір етеді, егер барлық теңіздер мен мұхиттар сияға айналса да, олар Оның барлық әмірлерін жазуға жетпейді. Ол Өз құлдарын асырап, сыйлық береді, Ол адамға берген барлық игіліктерді санап шығу үшін бүкіл өмір жетпейді. Оның білімі шексіз, Оның естуі барлық жерге жетеді, Оның билігі мен құдіретінің шегі жоқ, өйткені бәрі Құдайдан шығып, Оған қайтады.
Құранда аталуы: 9 рет.
Дәлел: Шығыс, батыс әр тарап Аллаға тән. Сондықтан қай жаққа бет қаратсаңдар да Алланың жүзі сол жақта. Расында Алла (Т.) өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп- қатерлі болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады. (Сүре 2 «Бақара», Аят 115)