Әл-Уадуд (Сүюші, Сүйікті) — Өзіне бағынған құлдарын жақсы көретін және олардың жүректеріне ашылып, оларға жақсылық жасай отырып, Өзіне деген сүйіспеншілікті ұялататын Тұлға. Ас-Саъди жазады: «Бұл — Өз пайғамбарларын, елшілерін және олардың ізбасарларын жақсы көретін, олар дүниедегі бәрінен артық жақсы көретін Тұлға. Олардың жүректері Оған деген сүйіспеншілікке толы, ал тілдері Оны үнемі мадақтайды. Олар Оған бар жан-тәнімен — шын ықыласпен және сүйіспеншілікпен ұмтылады».
Құранда аталуы: 2 рет.
Дәлел: “Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонсоң Оған тәубе қылыңдар. Шынында менің Раббым ерекше мейірімді, өте сүйгіш…” (Сүре 11 «Һүд», Аят 90)