Әр-Рахим (Ерекше Мейірімді) — Өз жаратылыстарына мейірім көрсететін, оларға игіліктер беріп, ризық-несібе тарататын, оларды жамандықтан сақтап, жақсы істері үшін лайықты болғанынан әлдеқайда көп сыйлық беретін Тұлға. Әр-Рахман есімі рақымның Аллаға тән екенін білдірсе, Әр-Рахим есімі — іс-әрекет сипаты. Абдуррахман ибн Яхья былай деген: «Әр-Рахман есімі тек Аллаға қатысты, бірақ іс жүзінде бұл қасиетке жаратылыстар да ие бола алады, ал Әр-Рахим есімі жаратылыстарға да қатысты айтылуы мүмкін, бірақ іс жүзінде бұл қасиетке тек Алла ие».
Құранда аталуы: 114 рет.
Дәлел: (Мұхаммед Ғ.С.): «Әй өздеріне зиян қылған құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла біртұтас күнәларды жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы, төтенше мейірімді» де. (Сүре 39 «Зүмәр», Аят 53)