Алланың көркем есімдері

Әл-Муқит

Бақылаушы, Ризық Беруші

المُقیِتُ

Әл-Муқит (Бақылаушы, Ризық Беруші) — Өз құлдарын бақылап, олардың үстінен билігі бар, олар үшін ризықты сақтап, белгіленген мерзімге дейін оларда өмір сақталатындай етіп, оны бөліп-бөліп жіберетін Тұлға. Әл-Құртуби бұл есімнің мағынасын түсіндіре отырып, былай жазады: «Ол Құдай Тағала Алланың әр адамға және жануарға белгілі бір уақыт бойы үнемі тіршілік құралдарын беретінін, Ол мұны тоқтатуды қалағанға дейін беретінін білдіреді; Ол жаратылысты өмір сүруіне қажетті нәрседен айырғанда, ол өледі».

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: Кім жақсылықты қолдаса, оған одан несібе бар. Ал және кім жамандыққа болысса, оған да одан бір тиесі бар. Алланың әр нәрсеге күші басым. (Сүре 4 «Ниса», Аят 85)