Әл-Кафил (Кепіл) — Өз құлдарына және оларды ризықпен, тіршілік құралдарымен қамтамасыз етуге кепіл болатын, олардың мүдделерін ойлап, істерін реттеп, қажеттіліктерін қанағаттандыратын Тұлға. Бұл көркем есім мағынасы жағынан Әл-Уәкил есіміне жақын. Әл-Исфахани жазады: «Кейде Әл-Уәкил есімі Әл-Кафил деп түсіндіріледі, бірақ Әл-Уәкил есімінің мағынасы кеңірек, өйткені әрбір кепіл — уәкил, бірақ әрбір уәкил кепіл емес».
Құранда аталуы: 1 рет.
Туыс түрлері: ٱلْوَكِيل — 13 рет.
Дәлел: Қашан серттессеңдер, Аллаға берегн серттеріңді орындаңдар. Анттарыңды, Алланы өздеріңе кепіл етіп, бекіткеннен кейін бұзбаңдар. Күдіксіз Алла не істегендеріңді біледі. (Сүре 16 «Нахл», Аят 91)