Ад-Даййан (Төреші, Бәріне Үстем) — Өз құлдарының үстінен абсолютті билікке ие және олар туралы шешім шығаратын, жақсы істер үшін марапаттап, жамандықтар үшін жазалайтын Тұлға. Әл-Халими жазғандай, Ад-Даййан — есеп талап етіп, ештеңені назардан тыс қалдырмай, жақсылыққа жақсылықпен, жамандыққа жамандықпен қайтаратын Тұлға.
Бұл есім Құранда аталмайды, Сүннетте кездеседі.
Дәлел: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: Алла құлдарын жинап, алыстағылар да жақындағылардай еститін дауыспен оларға үн қатады: Мен — Патшамын, Мен — Қайтарушымын (Ад-Даййан). (Бұхари, Ахмад)