Әл-Хасиб (Есеп Алушы, Жеткілікті, Даңқты) — Өз құлдарын тіршілікке қажеттінің бәрімен қамтамасыз ететін, оларды жауапқа тартып, лайықтысымен қайтаратын, ең даңқты әрі кемел сипаттарға ие Тұлға. Ас-Саъди жазады: «Әл-Хасиб — Өз құлдары туралы бәрін білетін, Өзіне тәуекел еткендерді қамтамасыз ететін, Өз даналығына және олардың үлкен-кіші істері туралы білетініне сүйене отырып, құлдарын марапаттап, жазалайтын Тұлға».
Құранда аталуы: 3 рет.
Дәлел: Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естияларлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер. Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреу бай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есеп көруде жеткілікті. (Сүре 4 «Ниса», Аят 6)