Алланың көркем есімдері

Әл-Мухсин

Ізгілік Жасаушы

المُحْسِنُ

Әл-Мухсин (Ізгілік Жасаушы) — бәрін керемет ойластырып, жаратқан, Өз жаратылыстарына мол жақсылық жасайтын және жақсылық жасаушыларды жақсы көретін Тұлға. Бұл есім Құранда аталмайды, бірақ сенімді хадистерде кездеседі. Ат-Табарани Әнәс ибн Мәліктің сөзінен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізді: «Шынында, Алла — Әл-Мухсин және жақсылық жасағанды жақсы көреді. Сондықтан үкім шығарғанда әділ болыңдар, ал мал сойғанда, мұны жақсы істеңдер» [Әл-Муъжам әл-аусат 5735, Ас-Силсила ас-сахиха 469].

Бұл есім Құранда аталмайды, Сүннетте кездеседі.