Алланың көркем есімдері

Әл-Бәрр

Игілікті, Мейірбан

البَرُّ

Әл-Бәрр (Игілікті, Мейірбан) — Өз құлдарына мейірбан әрі оларға жақсылық тілейтін, жақсылықты жақсы көретін және жақсылық жасаудан тоқтамайтын, уәдесін бұзбайтын және өзгертпейтін Тұлға. Әл-Хаттаби жазады: «Әл-Бәрр — Өз құлдарына жанашыр әрі оларға жақсылық жасайтын Тұлға. Оның мейірбандығы барлық жаратылыстарын қамтиды және Ол оларға игілік беруден сараңдық етпейді. Ол Өзіне жақын құлдарын ерекше бөліп, Өзіне құлшылық етуге таңдағанда, жақсылық жасаушылардың сыйақысын көбейткенде және күнәһарларды жазаламай, кешіргенде мейірбандық танытады».

Құранда аталуы: 1 рет.

Дәлел: «Расында біз, бұрын Аллаға жалбарынушы едік. Өйткені Ол, игілік істеуші, ерекше мейірімді» (деседі.) (Сүре 52 «Тур», Аят 28)