Алланың көркем есімдері

Әл-Ғани

Бай

الغَنِيُّ

Әл-Ғани (Бай) — ешкімге де, ешнәрсеге де мұқтаж емес, ал барлық жаратылыс Өзіне мұқтаж болатын, Өз құлдарына игіліктер беріп, қалаған адамын мұқтаждықтан құтқаратын, Өз еркін қиындықсыз, Өзі қалағандай жүзеге асыратын Тұлға.

Құранда аталуы: 18 рет.

Дәлел: Олар: «Алланың баласы бар» десті. Ол, одан пәк. Ол, мұңсыз. Әрине көктердегі әрі жердегі нәрселер Оған тән. Бұған байланысты қастарыңда бір дәлел жоқ. Аллаға қарсы білмеген нәрселеріңді айтасыңдар ма? (Сүре 10 «Юнус», Аят 68)