Әл-Ғаффар (Аса Кешірімді) — кешіруді жақсы көретін және басқа істеріне қарамастан, Өзіне серік қоспағандарды кешіретін Тұлға. Әл-Халими жазғандай, Әл-Ғафур күнәһар құлдарын жиі жасырып, олардың көп нәрсесін кешіреді, ал Әл-Ғаффар олардың күнәларын кемел түрде жасырып, оларды осы дүниеде де, мәңгілік өмірде де масқараланудан сақтайды. Әл-Ғазалидің пікірінше, Әл-Ғаффар есімі Оның құлдарын жиі әрі қайта-қайта кешіретінін, ал Әл-Ғафур есімі Оның кешірімінің кемелдігі мен бәрін қамтитынын білдіреді.
Құранда аталуы: 5 рет.
Туыс түрлері: ٱلْغَفُور — 91 рет, غَافِر ٱلذَّنْب — 1 рет.
Дәлел: Көктерді, жерді шындық бойынша жаратты. Түнді күндізге айналдырады, күндізді түнге айналдырады және күн мен айды меңгереді. Әрбірі белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Абайлаңдар! Ол тым үстем, аса жарылқаушы. (Сүре 39 «Зүмәр», Аят 5)