Әл-Ғафур (Кешірімді) — Өзіне серік қосудан басқа кез келген күнәні кешіріп, жабатын Тұлға. Адамдар да ренішті кешіріп, кек алудан бас тартады, бірақ олардың кешірімі Алланың кешірімімен ешбір салыстыруға келмейді. Күнәларды тек Ол ғана кешіреді, басқа ешкім емес. Әл-Ғафур есімінде бұл қасиет анық әрі айқын білдіріледі, ал Әл-Ғаффар көркем есімінде одан да күшті білдірілген.
Құранда аталуы: 91 рет.
Туыс түрлері: ٱلْغَفَّار — 5 рет, غَافِر ٱلذَّنْب — 1 рет.
Дәлел: (Алладан қорқып) көктер үстінен жарыла жаздайды. Періштелер Раббыларын дәріптей мақтап, жердегілерге жарылқау тілейді. Көңіл бөліңдер. Күдіксіз Алла, тым жарылқаушы, төтенше мейірімді. (40-С. 7-А.) (Сүре 42 «Шура», Аят 5)