Әл-Мәула (Қамқоршы, Әмірші) — шешім қабылдап, жаратылыстардың істерін басқаратын, иман келтіргендерге қамқор болып, жауларына қарсы көмектесетін Тұлға. Бұл есім мағынасы жағынан Әл-Уәли есіміне жақын. Бұл сөздердің қолданылуындағы айырмашылық мынада: уәли сөзі Аллаға жақын құлдарға қатысты да қолданылады, ал мәула сөзі «Алланың құлы» немесе «Аллаға жақын» деген тіркестерде қолданылмайды.
Құранда аталуы: 12 рет.
Туыс түрлері: ٱلْوَلِيّ — 14 рет.
Дәлел: Егер олар бет бұрса, сонда біліңдер, шын иелерің Алла. ол, нендей жақсы ие, нендей жақсы жәрдемші. (Сүре 8 «Әнфал», Аят 40)