Әл-Хафиз (Сақтаушы) — Өз жаратылысын қорғап, ондағы тәртіпті сақтайтын, құлдарын бәле-жаладан сақтап, иман келтіргендерді иманына зиян келтіретін нәрседен қорғайтын, адамдарды марапаттау немесе жазалау үшін олардың жақсы және жаман істерін сақтайтын Тұлға. Ас-Саъди жазады: «Өз жаратылыстарын сақтайтын және бүкіл болмысты біліммен қамтитын, сүйікті құлдарын күнәлардан және апатты істерден қорғайтын, олар қозғалыста болғанда да, демалғанда да оларға рақым көрсететін, құлдардың істерін және олардың лайық болғанын есептейтін Тұлға».
Құранда аталуы: 3 рет.
Туыс түрлері: ٱلْحَافِظ — 3 рет.
Дәлел: «Егер жалтарсаңдар да мен шынында өзім арқылы жіберілген нұсқауды сендерге жалғастырдым. Раббым орындарыңа басқа елді әкелсе, сендер оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Шынында Раббым әр нәрсені қорғаушы» (деді) (Сүре 11 «Һүд», Аят 57)