Әл-Кафи (Жеткілікті, Құтқарушы) — кемелдіктің барлық қасиеттерін Өзінде жинаған, Өзіне тең ешкімі жоқ және көмекшілерге мұқтаж емес, Өзіне тәуекел еткендерді бәлелерден қорғап, мұқтаждықтан құтқаратын Тұлға. Әл-Хаттаби жазады: «Әл-Кафи — Өз құлдарын уайымнан құтқарып, апаттардан қорғайтын, басқа ешкімге мұқтаж болмау үшін көмегі жеткілікті Тұлға».
Құранда аталуы: 1 рет.
Дәлел: Алла құлына жеткілікті емес пе? (Мұхаммед Ғ.С.) олар сені Алладан өзгелермен қорқытады. Кімді Алла адастырса, оған тура жол көрсетуші жоқ. (Сүре 39 «Зүмәр», Аят 36)