Әл-Уәкил (Тәуекел Етілетін, Кепіл) — Өз жаратылыстарына қамқор болып, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін ойлайтын, құлдарының айтқаны мен істегенінің бәрін бақылайтын және олардың Өзіне сеніп, тәуекел етуіне лайық Тұлға. Ас-Саъди жазады: «Әл-Уәкил — Өзінің білімі, абсолютті құдіреті және шексіз даналығы арқасында жаратылыстарының істерін басқаратын; Өзіне жақын құлдарына қамқор болып, оларға ең жеңілге апаратын жолды жеңілдетіп, ең ауырдан алыстатып, істерін реттейтін Тұлға. Оны өзіне Уәкил еткен адамға Ол жеткілікті».
Құранда аталуы: 13 рет.
Туыс түрлері: ٱلْكَفِيل — 1 рет.
Дәлел: Олар: «Бой ұсындық» деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл. (Сүре 4 «Ниса», Аят 81)