Әл-Мухит (Бәрін Қамтушы) — барлық жаратылысты біліммен, құдіретпен, күшпен, рақыммен және кемелдіктің басқа да сипаттарымен қамтитын Тұлға. Әл-Халими жазады: «Әл-Мухит — Өзінен қашып құтылу мүмкін емес Тұлға, бұл қасиетке Алладан басқа ешкім ие емес. Ол Оның білімі мен құдіретінің кемелдігін білдіреді және білмеушілік пен дәрменсіздік сияқты сипаттарды жоққа шығарады».
Құранда аталуы: 8 рет.
Дәлел: Немесе қараңғылықта күркіреп, жарқылдап көктен нөсерлете құйған жаңбырға ұшырап, нажағайдан өлем деп қорқып, саусақтарын құлақтарына тыққан біреулер тәрізді. Алла кәпірлерді толық баураушы (Сүре 2 «Бақара», Аят 19)