Алланың көркем есімдері

Әл-Һади

Тура Жолға Салушы, Бағыттаушы

الهَادِي

Әл-Һади (Тура Жолға Салушы, Бағыттаушы) — бүкіл болмысқа өмір сүру жолын көрсететін, құлдарына Өзінің ризашылығына апаратын жолды түсіндіретін және иман келтіргендерді сол жолмен жетелейтін Тұлға. Аз-Заджжадж жазады: «Әл-Һади — Өз жаратылыстарына Өзін және Өзінің раббылығын тану жолын көрсететін, құлдарын тура жолға салатын Тұлға».

Құранда аталуы: 2 рет.

Дәлел: Сол сияқты әр пайғамбар үшін күнәкарларды дүшпан қылдық. Раббың жетекшілік және көмекшілікте саған жетіп, асады. (Сүре 25 «Фурқан», Аят 31)