Мүміндердің бір-бірі үшін ең жақсы дұғасы (59:10)

Құран дұғалары

52

59.10   Мүміндердің бір-бірі үшін ең жақсы дұғасы

Хәшр  (Жинау)

رَبَّنَا اغْفِرْ لَنَا وَلِإِخْوَانِنَا الَّذِينَ سَبَقُونَا بِالإِيمَانِ وَلا تَجْعَلْ فِي قُلُوبِنَا غِلًّا لِّلَّذِينَ آمَنُوا رَبَّنَا إِنَّكَ رَؤُوفٌ رَّحِيمٌ
Раббанағфир лана уа ли-ихуаниналлазина сабақуна бил-имани уа ла таж'ал фи қулубина ғиллан лиллазина аману, раббана иннака ра'уфун раһим
Раббымыз! Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр! Әрі сондай иман келтіргендер үшін жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз шүбәсыз Сен тым жұмсақ, ерекше мейірімдісің.

Бұл көркем Құран дұғасы Оның шынайы иман келтірген және тақуа құлдары Алла Тағалаға жүгінген дұғалардың бірі. Нақтырақ айтқанда, сөз сахабалардың ізбасарлары ұрпағы және ізгілікте, Алла Тағалаға ынталы құлшылықта және Оған үлгілі мойынсұнуда олардан үлгі алған келесі ұрпақтардың өкілдері туралы.

Бұл дұға мүміндердің бір-біріне деген махаббатының күшін және оларды байланыстыратын Ислам бауырластығының берік тамырларын анық көрсетеді. Көріп отырмыз, бұл ізгі адамдар әлемдердің Раббысынан тек өздері үшін ғана емес, өздерінен бұрынғылар үшін де кешірім сұрады: «Бізді әрі бізден бұрын иман келтірген туыстарымызды жарылқай көр!»

Айта кету маңызды, осылайша бұл мүміндер дұға жасап отырған адамдарының артықшылықтарын мойындады, өйткені оларды тек бауыр, яғни дін бауыры деп атап қана қоймай, Исламды қабылдауда және иманға жетуде өздерінен озғанын да атады. Бұл мүміндердің әдебі мен таза жүректілігін, сондай-ақ кішіпейілдігін және тәкаппарлық, менмендік пен өзін-өзі ұнатудың жоқтығын көрсетеді.

Дін бауырластығы мүміндердің жүрегінде бір-біріне өшпенділіктің жоқтығын және оның қарама-қарсысы, яғни махаббаттың болуын білдіреді. Сондықтан бұл мүміндердің Алла Тағаладан жүректерінде басқа мүміндерге қатысты өшпенділік, кек, қызғаныш және басқа теріс сезімдердің болмауын сұрауы таңқаларлық емес.

Шын мәнінде бұл дұға тек сезімдерді ғана қамтымайды. Өйткені мұндай жаман әрі сөгетін сезімдердің жоқтығы осы сезімдердің көрінісі болған тиісті сөздер мен әрекеттердің де жоқтығын білдіреді. Бұл адамдар дін бауырларына деген таза махаббатын ештеңе дақтамауын және күңгірттендірмеуін шын жүректен қалады.

Бұл аяттан шығатыны, ізгі салафтарымыз үшін мейірім сұрау, Алла Тағалаға олар үшін жақсы дұғалармен жүгіну және олар туралы жаман сөз айтудан бас тарту мүміндердің өзіндік белгілерінен.

Бұл дұға бізге мүміндердің Құдіретті Жаратушыға бір-бірі үшін жақсы дұғалармен жүгінуі қаншалықты маңызды екенін еске салады. Оның үстіне, Құран мен Сүннеттен білеміз, бұл үшін мүмін Алла Тағаладан сауап алып қана қоймайды: осы үшін арнайы жіберілген періште кез келгеніміз бауырымыз үшін оның жоқтығында Аллаға жасаған дұғамызға байланысты: «Әмин! Саған да сондай болсын!» – дейді. Осылайша, Құдіретті де Ұлы Аллаға басқа мүміндер үшін шынайы дұғалармен жүгіну арқылы өзімізге пайда келтіреміз және бұл басқа мұсылмандар үшін сұраған игіліктерге жетуімізге көмектеседі.

Әрине, бұл дұға мұсылмандарға бір-бірін шын жүректен жақсы көруді үйретеді. Өйткені мүміндердің өзара махаббаты мен бір-біріне бауырластық қарым-қатынасы дінімізнің ажырамас бөлігі. Ол тағы бізге басқа мүміндерге қатысты кішіпейілдікті және Алла Тағала Жаратушыға деген әдепті үйретеді.

Бұл дұға бізге Раббыдан күнәлардың кешірілуін сұраудың маңызын еске салады. Өйткені олар әрқайсымызда бар және бәріміз олардың жүгін көтеруге мәжбүрміз. Жүк неғұрлым ауыр болса, Алла Тағаланың разылығына, құтылуға, табысқа, екі дүниеде бақытқа және жаннат бақтарына апаратын жолмен жүру соғұрлым қиын.

Өте маңыздысы, бұл көркем дұға бізге ізгі салафтарымызды еске алуды, артықшылықтары мен дін алдындағы еңбектерін мойындауды және оларға тиісті құрмет көрсетуді үйретеді.

Көріп отырмыз, дұғаларында олар Алла Тағаланың Раббылығын мойындауды және Алланың көркем есімдерінен ең лайықты екеуін атауды Өзі белгілеген жақындау құралы ретінде пайдаланды, осылайша Раббының бұйрығын орындап, дұғаларының Алла Тағала тарапынан қабыл етілуі және жауапсыз қалмау мүмкіндігін арттыруға ұмтылды.

Жүректерді тазартатын бұл дұғамен Жаратушыға жүгінген мұсылман екі дүниеде өзіне зор пайда келтіреді. Сондықтан оны неғұрлым жиі еске алып, онымен Алла Тағалаға жалбарынсақ, соғұрлым жақсы.